aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

21 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Атырауды тағы да шаңды дауыл басты
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Атырауды тағы да шаңды дауыл басты.

Атырау облысында шаңды дауыл жиі көтеріледі. Бүгін, 21 сәуірде таңертеңнен бері жел екпіні күшейіп, шаңды дауыл соғып тұр.

Кеше, 20 сәуірде өңір тұрғындарына 112 қызметінен шаңды дауыл болатыны туралы sms хабары келген еді.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтілген еді.

«Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с. Атырау қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады», -деп хабарлады «Қазгидромет».

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екінші күн қатарынан шаңды дауыл соғып тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

«Атырау облысында «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сәйкес желдің ұйытқуы секундына 17-22 метрге жетеді. Кей жерлерде секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Шаңды дауыл соғады», — деп хабарлаған болатын облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Сондай-ақ, қатты желдің салдарынан Каспий жағалауындағы қамыс өрті 5 күннен кейін сөндірілді.

Кейін Атырау облысында Каспий жағалауындағы 3 гектарда қамыс бықсып жатқанын жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бүгін, 14 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 8:45-те қамыстың бықсып жатқаны анықталған.

«Атырау қаласында түтіннің иісі сезілді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау қаласына жақын орналасқан Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы Каспий теңізінің жағалауына барлау жүргізді. Жедел топ теңіз жағалауына жеткен кезде қамыстың өртенбегенін анықтады. Алайда, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында шамамен 3 гектар аумақта қамыстың тамыры бықсып жатыр», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Алдыңғы жаңалық

Мәжіліс депутаты сынып жетекшілерінің орнына арнайы маман алуды ұсынды

Келесі жаңалық

Ақтөбеде жеке үйде болған өрттен 2 бала көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі