aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ұлытау облысында бір ауылдың тұрғындары түгел ішімдіктен бас бартты

25 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Ұлытау облысында бір ауылдың тұрғындары түгел ішімдіктен бас бартты
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары алкогольді сусындардан бас тартқан. «Ащы судан» арылғалы ауылда бір де бір рет қылмыс пен тәртіп бұзу фактілері тіркелмеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Мұндай шешімді Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғындары өз еркімен қабылдаған, ешкім мәжбүрлемеген. Бастамашы – ауыл жастары.

Алдымен «ащы су» дастарханнан кетсе, соңыра дүкен сөрелерінен де мүлдем жоғалған.

Жергілікті кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сатуды және жеткізуді тоқтатқан. Ол үшін ауылдастарынан шексіз алғыс алып, құрметке ие болып отыр.

«Біздің жастар өте белсенді. Бәріміз алкоголь сусындарын ішуге қарсымыз. Спирттік ішімдіктен бас тартудың нәтижесінде ауылымызда тыныштық орнады», — дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Ауыл тұрғындарының денсаулығынан басқа, алкогольден бас тарту тәртіп орнау көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткен.

Соңғы үш жылда бір де бір құқықбұзушылық тіркелмеген.

«Біздің ауылдық округтің құрамына 3 елді мекен кіреді. Онда 1000-ға жуық адам тұрады. Осы жылдар ішінде ауыл тұрғындары спирттік сусындардан бас тартқаннан бері бірде-бір құқық бұзушылық болған жоқ. Біздің жастар мал шаруашылығымен айналысады және тынымсыз еңбек етеді», — дейді Сәкен ауылының учаскелік инспекторы Сәкен Картаев.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жергілікті халықтың ешқайсысы есігін құлыптамайды екен, өйткені ұрлық жоқ.

Жастар спортпен немесе ауыл шаруашылығын дамытумен айналысады.

Мал шаруашылығының қарқынды өсіп жатқанына шағын ауылда жұмыс істейтін 85 шаруа қожалығы дәлел.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекет басшысына ел экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал туралы баяндалды

Келесі жаңалық

Атырауда мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер екі жылдан бері тазаланбаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі