aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Атырауда мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер екі жылдан бері тазаланбаған

25 апреля, 2023
in Uncategorized
0
Атырауда мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер екі жылдан бері тазаланбаған
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

  Атырауда облысында мұнайға ұқсас сұйықтық төгілген жер екі жылдан бері тазаланбаған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. 

Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Махамбет ауданындағы Сары Өскембай деген жерде мұнай төгілген.

«Атырау облысы бойынша экология департаментінің мамандары бұған дейін 2021 жылғы 13 тамызда осы аумаққа Махамбет аудандық прокуратурасының, әкімдігі мен полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге барып, ластанған жерге өлшем жүргізді. Ластанған және фондық топырақтан талдама жасауға сынамалар алынды. Талдау нәтижесімен топырақтың құрамында мұнай өнімдері көп мөлшерде екені белгілі болды. Махамбет аудандық әкімдігінің ұсынған ақпаратына сәйкес ластанған аумақ жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі емес. Ал, «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаментінің мәліметінше, бұл «Норс Каспиан Ойл Девелопмент» ЖШС-нің келісімшарттық аумағына түсіп, Оңтүстік Байменке К-3 крелиустік ұңғыма орналасқан. Алайда, ұңғыма жер қойнауын пайдаланушыға берілмеген. Жер де, ұңғыма да мемлекет меншігінде», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент тарапынан ластанған аумақты тазалау туралы Махамбет ауданының әкіміне 2021 жылғы 9 қарашада, кейін қайтадан 2022 жылғы 7 маусымда хат жолданған.

Сондай-ақ, былтырғы 20 желтоқсанда Атырау облысының әкіміне хат жолданып, жоғарыда көрсетілген аумақтағы ластануды жою жұмыстарын жүргізу сұралған.

Алдыңғы жаңалық

Ұлытау облысында бір ауылдың тұрғындары түгел ішімдіктен бас бартты

Келесі жаңалық

Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі