aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Геннадий Шиповских: Интернет сапасы нашар болса, компаниялар айыппұл төлесін

4 мая, 2023
in Uncategorized
0
Геннадий Шиповских: Интернет сапасы нашар болса, компаниялар айыппұл төлесін
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаты Геннадий Шиповских еліміздегі сапасыз интернет мәселесі туралы айтты. «Стримге шыққанымда интернет сапасы нашарлап кетеді. Болашақта киберспортты дамытамыз деп отырмыз. Бізде мықты IT, креативті индустрияны дамытатын мамандар бар. Алайда интернетіміздің сапасы өте төмен болса, IT саланы қалай дамытамыз?! Тіпті мысалы, кешке қарай кино көргің келгенде өте нашар жүктеледі, — деді сенатор. Шиповских интернетті дамытуға арналған бағдарламалар не себепті нәтижесін бермей отырғанын айтты. «Мәселені шешер кезде 2023 жылға дейін дейміз, ол жақындағанда 2025 жыл дейміз, кейін 2027 дейміз… Осылай кете береді. Ол туралы Мәжілісте де көтерген едім. Министрлер сынның астында да қалған. Бұл жерде радикалды түрде шешім қабылдау қажет. Мысалы, интернет тартқан кезде сапасы төмен болса, онда ол компанияларға қомақты айыппұл салу қажет. Себебі интернетке айына 6 000 -7 000 теңге төлейміз. Бірақ кешке қарай интернет сапасы нашарлап кетеді, — дейді Геннадий Шиповских Сенаттың кулуарында. Депутаттың айтуынша, интернет мәселесі ауыл аймақтарда да өткір. Осы орайда ол сапасыз қызмет көрсеткен компанияларға айыппұл салудан басқа жол жоқ екенін жеткізді. «Егер сондай шараларды қолданбасақ, мәселе ушығып кетуі мүмкін. Оны қолдану үшін заңға да жүгінудің қажеті жоқ. Себебі жауапты министрлік бар. Ол өзінің қаулылары аясында да қабылдай алады, яғни операторлардың жұмысына халық қанағаттанбаса, оған ешқандай кедергі жоқ. Өкімімен арнайы шешім шығара алады. Ал егер Парламентте заңды қабылдау қажеттілігі туындап жатса, әрине, оны қабылдауға дайынбыз. Тұтынушының көңілінен шықпаса, онда сол компания тиісті айыппұлын төлеуі керек», — дейді Г.Шиповских.

JQ-Aqparat

Алдыңғы жаңалық

Алматыда «Қара шапан» мүсіні орнатылды

Келесі жаңалық

Үй маңында қоқыс жаққан СҚО тұрғыны мал-мүлкінен айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі