aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Үй маңында қоқыс жаққан СҚО тұрғыны мал-мүлкінен айырылды

4 мая, 2023
in Uncategorized
0
Үй маңында қоқыс жаққан СҚО тұрғыны мал-мүлкінен айырылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті маусым басталғалы 40-тан астам оқиға тіркелді. Соның ішінде 8-і орман өрті, ал 10-ы қураған шөпті жағу жағдайлары.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин өңірдегі өртке қатысты жағдай туралы айтты.

Сәуір айының басынан ормандарда 8 өрт болып, от 31,8 га аумаққа жайылды. Бұдан бөлек, 210 га жерде 200-ден астам жану фактісі тіркелді.

«Жалпы 5 сәуірден бері облыста 40 өрт шықты. Тұрғындар үй маңында, әсіресе желді күні қоқысты жағу аса қауіпті екенін түсіне бермейді. Мәселен М.Жұмабаев ауданындағы Бәйтерек ауданында өрт қора-қопсыдан шыққан. Сол күні желдің екпіні секундына 28 метрге жетті. Салдарынан қора-қопсыдан бөлек тұрғын үй, жазғы ас үй, 2 гараж, отын қора, монша, ВАЗ-2106 жеңіл көлігі мен Урал мотоциклі жанып кетті. Қорада тұрған шошқа мен 20 үй қоянын шығарып үлгермеген. Өрт жайпаған аумақ 278 шаршы метрді құрады.

Осы аудандағы Сарытомар ауылында да дәл осы күні үлкен өрт болды. Мұнда да тұрғын үй маңында қоқыс жаққан. Ұшқын қораға түскен, қатты желден ол жайылып, баспана мен қора-қопсы, 4 ірі қара мал, 3 қой және 25 тауық жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалынды көрші үйге жібермеді», — дейді Дмитрий Растихин.

Алдыңғы жаңалық

Геннадий Шиповских: Интернет сапасы нашар болса, компаниялар айыппұл төлесін

Келесі жаңалық

17 жастағы жасөспірім көлікті басқара алмай жол апатына түсіп, 1 жолаушы көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі