«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Арсен Буранчиев есін жиды. Бұл туралы команданың Instagram парақшасында хабарлады.
«Біздің ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отыратын болады» деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Клубтың шешімімен Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалындағы «Қайрат» – «Атырау» матчына билет сатудан түскен бүкіл қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады.