Кейінгі деректер бойынша Түркиядағы президент сайлауында 99,38% дауыс саналды. Бұл туралы TRT хабарлайды.
Режеп Тайып Ердоған 49,42% дауыс жинаса, Республикалық халық партиясының үміткері Кемаль Кылычдароглу 44,95% дауыс иеленген. Президенттікке үшінші үміткер, «Ата» саяси альянсының өкілі Синан Оган сайлаушылардың 5,20% дауысына ие болған.
Сайлауға қатысу 87,21% болған.
Түркияда кеше, 14 мамырда президент пен 28-ші шақырылымдағы парламент сайлауы өткені хабарланған болатын.