«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 17-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде күн құбылып тұрады. Кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал. Республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонның жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде — тұман, солтүстік– батысында шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.