aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Қызыл бұрыш

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

5 июля, 2023
in Қызыл бұрыш
0
Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Облыстық Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа сапасын бақылайтын 34 станса бар. Оның ішінде «Қазгидромет» АҚ өңірлік филиалының балансына 11 станса алынған.

Ал 4 станса Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі болса, 19 стансаға NCOC компаниясы иелік етеді.

«Биылғы 3 шілдеде электрмен жабдықтаудың істен шығуына байланысты газ алауы жағылды. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес сол күні ауа сапасын бақылайтын екі стансада күкірсутек құрамының шекті нормадан асу дерегі тіркеліп отыр. Кешкі сағат 19:00-де «Жилгородок» стансасында ауадағы күкіртсутек құрамының шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,6-ға, ал «Привокзальный» стансасында бұл норма 1,4-ке артқаны тіркелді. Облыстық Экология департаменті кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр», — деп хабарлады Экологиялық реттеу және бақылау комиетінің баспасөз қызметі.

Кәсіпорынның санитарлық қорғау аймағында ластаушы заттардың шамадан асуы тіркелмеген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқанын хабарлаған едік.

Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Бұған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болды», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс бөлімінен.

Алдыңғы жаңалық

СІМ: Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрадық

Келесі жаңалық

Жаркенттегі жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі