aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Билік

СІМ: Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрадық

5 июля, 2023
in Билік
0
СІМ: Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрадық
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу швейцариялық дерегациядан Еуропаға визалық режимді жеңілдетуде қолдау көрсетуді сұрады.

Бүгін ведомство басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцария Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассиспен кездесті.

«Кездесу барысында туристік салада жарнамалық науқандарды ұйымдастыру арқылы бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейту жолдарын да ортаға салдым. Көптеген еуропалықтармен қатар, Швейцария азаматтары да бес жылдан астам уақыттан бері Қазақстанға туристік немесе іскерлік виза рәсімдемей келе алады. Осыған байланысты, Кассис мырзадан Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі ресми консультацияларда қолдау көрсетуді сұрадым», — деді Мұрат Нұртілеу елордада өткен брифингте.

Сыртқы істер министрі қос елдің мүддесін қамтитын салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың болашағы зор деген ортақ ойға келгендерін атап өтті.

«Қос тараптың бірегей мақсаты – Астана мен Берн арасындағы сан-қырлы әріптестік өрісін кеңейту бағытында нық қадамдар жасалатынына күмәнім жоқ. Осы кездесудің қорытындысы екі ел арасындағы байланыстарды күшейтуге қосымша серпін беретініне сенімдімін», — деді М. Нұртілеу.

ҚазАқпарат

Алдыңғы жаңалық

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттай ма?

Келесі жаңалық

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі