aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева: 40 жылдан кейін әкесімен табысты

10 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Айгүл Иманбаева: 40 жылдан кейін әкесімен табысты
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отандық бағдарламаға әнші Айгүл Иманбаева «Кешір, әке-ана» әнін орындап әкесінен кешірім сұрады. Ата-анасына жүрегіндегі сөздерін ақтарды. «Өмірім де өнерім де көз алдарыңызда ғой. Өнердегі жеткен жетістігім, бағындырған биігім де аз емес деп ойлаймын. Бірақ, бір жақ қанатымның орны үнемі үңірейіп түратын. Сол ұуысты қайсарлығыммен жабуға тырысатынмын. Ол қуыс менің әкемнің орны еді», — деді өнер иесі. Әнші, актриса уақыт өте келе, ой-санасы кемелденген сайын әкесін іздегенін атап өтті. «Жасыратын несі бар. Балалықпен әкеме талай қатты сөздер айттым. Соның бәрінен әкеме деген сағынышым биік тұрды. Өзімнің ішімдегі өзім өсіріп, семіртіп алған өкпе-реніш тәкаппарлық дегеннің барлығын жиып тастап, әкемді іздеп барып кешірім сұрадым. 6 сағат бойы жыладық, қауыштық, табыстық. Мен ішімдегі кішкентай Айгүлмен табыстым. Мен өзімді сол күні қауырсыннан да жеп-жеңіл сезіндім», — деп ағынан жарылды актриса. Өнер иесі кешірімді сезінудің өзі бақыт екенін айтып, 40 жыл араға салып, әкесінің жеке концертіне келгенін айтты. Әнші әкесінен орнынан тұруын сұрап, тағы бір мәрте ел алдында одан кешірім сұрады. «Әке ана сіздер мені кешіріңіздерші. Сіздер — менің биікке самғар қос қанатымсыздар. Мен сіздерді 62 тамырыммен, бар болмысыммен жақсы көремін»,- деп аяқтады сөзін өнер иесі. Жеке концертінде ата-анасына арнап Айгүл Иманбаева «Кешір, әке-ана» әнін орындады.

JQ-Aqparat

Алдыңғы жаңалық

Ағын су екі көпірді алып кетті

Келесі жаңалық

Білім беру саласында бухгалтерлер 83 млн теңге жымқырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі