aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

28 шілдеде Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады

25 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
28 шілдеде Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

28 шілдеде Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 31-ші Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады. Спорттық шара 8 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чэндудегі универсиада 2021 жылы өтуі керек еді, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты бір жылға шегерілді. Пандемия салдарынан 2022 жылы да ұйымдастырылмады. 2022 жылдың маусым айында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) атқарушы комитеті жарыстың жаңа датасын белгіледі – 2023 жылдың 28 шілдесі мен 8 тамызы аралығы. Универсиада 2023 жылы өтетініне қарамастан, бастапқы «Чэнду 2021» атауы сақталады. Чэнду-2021 ойындарында дүниежүзі университеттерінің студенттері спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы үшін сынға түседі. Ұйымдастыру комитетінің өкілдері Универсиадаға жұмылдырылатын 49 стадион екі жыл бұрын пайдалануға берілгенін айтты. Биыл спорт нысандарын қабылдау және сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді, олардың барлығы стандартқа сай және халықаралық жарыстарды өткізуге жарамды. Спорттық шараға 20 мыңнан астам волонтер тартылған.

Қазақстанның 90 спортшыдан тұратын студенттік командасы спорттың 10 түріне қатысады: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату және ушу.

Чендудегі жазғы универсиаданың ашылу салтанатына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қатысатыны күтіледі. Қытай осымен үшінші рет Дүниежүзілік жазғы Универсиаданы өткізгелі отыр. Бұған дейінгі ойындар 2001 жылы Бейжіңде және 2011 жылы Шэньчжэнде өткен еді.

Алдыңғы жаңалық

Уәде беремін: Мусин интернет операторларына 4 млрд теңгеге айыппұл салмақ

Келесі жаңалық

FlyArystan компаниясының бірнеше рейсі кейінге қалдырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі