aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жастар жазды «Shymkent fest» жобасымен қызықты өткізді

19 августа, 2023
in Uncategorized
0
Жастар жазды «Shymkent fest» жобасымен қызықты өткізді
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте екі айға созылған «Shymkent fest» жобасы мәресіне жетті. Абай саябағында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған Шымкент қаласында алғаш рет өткен «Shymkent fest» жобасының жабылу салтанаты өтті.

Шілде айында басталған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас аралығындағы жастар «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME» балалық шағымның ойындары фестивалі, «Modern» сурет салу байқауы, үстел теннисі, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімінен және ән-биден сайысқа түсті.

«Shymkent fest» жобасы – жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған бірегей жоба.

Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальге атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын халықаралық жастар күнімен құттықтады.

– Фестивальге қала жастары ғана емес, қала қонақтары, туристер де қатысты. Ашық аспан астындағы кинофестивальге кәріс, жапон елдерінен де қонақтар келген болатын. Жастарды саламаттылыққа баулыған сайыстың туриз саласына де қосар үлесі зор. Келешекте тұрақты түрде өткізіп, қаламыздың айшықты жобасына айналдырамыз деген ойымыз бар, – деді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мағжан Исахов.
Көше спортын дамытуда өткен сайысқа 50-ден астам жас қатысып, турник, пресс, қол күресі, Street workout-тан сайысқа түскен. Ең жоғары жетістікке жеткен үш жасқа ақшалай сыйлық табысталды. 1-ші орын алып, 50 мың теңгені қанжығасына байлаған Саят Қожамжаров сайыстың қызықты әрі тартысты өткенін айтады.
Сонымен қатар, фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды.

Екі айға жалғасқан фестиваль қаламыздағы жастар көп шоғырланған орындарда өткізілді. Айта кетейік, «Shymkent fest» жобасы – 5 шілде күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен салынған Скейт парк алаңында бастау алған болатын.

Алдыңғы жаңалық

Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасындағы апат туралы: Жауапты тұлғалардың барлығы жазаланады

Келесі жаңалық

Шымкент: 100 орынға «сенім жәшігі» қойылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі