aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: 100 орынға «сенім жәшігі» қойылады

19 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: 100 орынға «сенім жәшігі» қойылады
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары синтетикалық есірткі мәселесінде мамандар дабыл қағуда. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп жатқанын атап өтті. Деректер соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқанын көрсетті. Сондықтан Президент Жолдауда синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екенін алға тартып, нақты тапсырмалар берді. Шымкент қаласында өткен жиында да тәртіп сақшылары, дәрігерлер мен қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары ғасыр дертінің алдын алу жөніндегі ойларын ортаға салған еді.

Шымкентте жастар арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттарының алдын алу, құрбан болған жастарды қорғау мақсатында бірқатар оқу орындары мен жатақханаларға сенім жәшігі орнатылды. Бұған дейін мұндай жәшіктер тек сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен арыз-шағым үшін ғана қойылатын.

Сенім жәшігіне студенттер есірткі қылмысы, буллинг, әлімжеттікке тап болған жағдайда хат жолдай алады. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры «Сенім жәшігі» жобасын арнайы әзірлепті.

—Жоба М.Әуезов атындағы оқу ордамыздан бастау алып отыр. «Сенім жәшігі» жобасы аясында жоғары және орта, арнаулы оқу орындарында, жатақханаларда 100 сенім жәшігі қойылады. Ал қыркүйекте оқу жылы басталған уақытта барлық студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сенім жәшігіндегі хаттарды оқу жылы басталған уақыттан бастап әр ай сайын ашып, саралаймыз. Түскен хаттар бойынша «Auezov Jastary» қоғамдық қоры жұмыстар жүргізеді, – дейді «Auezov Jastary» қоғамдық қорының төраға орынбасары Лаура Мұхтарбекқызы.

Ал жыл соңында жалпы сенім жәшігіне түскен ақпараттар бойынша мониторинг жасалады. Бұл бастама жастар арасында белең алған мәселелердің алдын алуда үлкен көмек болмақ. ОҚМПУ, М.Сапарбаев атындағы колледж, Политехникалық колледж ғимараттарына да сенім жәшіктері орнатылды.

Есірткінің шырмауына буыны бекімеген жасы да, күш-қуаты тау қопарар ел азаматтары да түсіп жатыр. Мәселен, Шымкент психикалық денсаулық орталығында жылына 5000-ға жуық адам есірткі тәуелділігінен ем алады екен. Мамандар шаһарда бұл көрсеткіштің жылдан-жылға көбейгені не азайғанын нақтылай алмай отыр.

Алдыңғы жаңалық

Жастар жазды «Shymkent fest» жобасымен қызықты өткізді

Келесі жаңалық

Жас буын тәрбиесінде оқушылар сарайының орны бөлек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі