aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеңілдетілген несие жастардың кәсіп бастауын жеңіл етеді

19 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Жеңілдетілген несие жастардың кәсіп бастауын жеңіл етеді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі жастардың ақыл-парасаты, күш-жігері мен жалыны ғылым мен білімді, өнер мен жасампаздық жобаларды жүзеге асыру жолында кез келген белесті бағындырары сөзсіз. Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін айтып «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деген болатын. Осы ретте Шымкент қаласында Жолдаудың жүгін арқалаған бағдарлама шеңберінде арнайы түзілген комиссия 278 жас кәсіпкердің құжатын қарап, 129-ы оң қорытындысын алған. Бүгінге дейін 85 жас жеңілдетілген несиеге ие болып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Күні кеше Шымкент қаласында Президент тапсырмасына сәйкес, жастарға 2,5% несие беру бойынша комиссия отырысы өтті.

Негізінен бұл мемлекеттік қолдау 21-35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Несиелеу бойынша шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссияға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық пен БАҚ өкілдері кіреді. Комиссия төрағасы Талғат Балтабаевтың айтуынша, бұл бағдарлама қайтарымсыз грант секілді науқаншылыққа ұласпай, нақты көзделген мақсатқа жұмсалуы керек.

–Қазіргі жастардың басым бөлігі кәсіпкерлік саласында қызмет көрсету, жүк тасымалдау мен ауыл шаруашылығы оның ішінде ет пен сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуды көздейді. Көбінің «мемлекеттің тегін әрі қайтарылмайтын қаржысын алып қалсақ» деген ойы әңгімелесу барысында байқалатын. Қатысушылар арасында бизнес-жоспарын өзгеге жасатып, ол жерде не жазылғанымен де таныс еместері кездесті. Өкініштісі мұндай үміткерлер өте көп болды. Ал, бүгінгі жастарға бағытталған жеңілдетілген несиеде де дәл жоғарыдағыдай жағдайға тап болып жатырмыз.Үміткерлер тек мемлекеттің жеңілдетілген несиесін «алып қалу керек» дегенді көздеп емес, ел ішінде шағын өндірісті дамытып, бюджетке салық төлеп, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосуға ниеттенсе екен. Десе де, бұл бағдарламаны нақты бағыттарға бөліп, критерийлерін әлі де болса пісіру керек, – деді комиссияның төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Келесі жаңалық

Жастардың кәсіпкер болуға құлшынысы зор

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі