aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте ерекше бала асырап отырған аналардың құқығы қорғалды

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте ерекше бала асырап отырған аналардың құқығы қорғалды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық Әділет департаментінде Адам құқықтары жөніндегі өкілдің қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосуда ерекше бала тәрбиелеп отыған аналардың әлеуметтік қамтамасыз ету мен оңалту шараларына қатысты мәселелері талқыланды. Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық филиалы басшысының орынбасары Т.Дауытов, психикалық денсаулық сақтау орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері арнайы шақырылған.

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар 18 жастан кейін мүгедек жандар үшін ешқандай оңалту емі қаралмағанын, ІІ топтағы мүгедек баланың денсаулығына байланысты І топқа өткізу ісінде қиындық көптігін айтуда. Бұл мәселеге Төрехан Дауытов егер аналар баласына мүгедектік тағайындау қорытындысына келіспеген жағдайда еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қалалық филиалына келіп, шағымын жеткізуге болатынын айтты.

–Мүгедектік тағайындау ең алдымен учаскелік дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда жаңа қабылданған нормативке сәйкес, адами факторды болдырмау үшін мүгедектікті куәландыру сырттай, онлайн жүзеге асып жатыр. Ата-аналар мұнымен келіспеген жағдайда біздің мекемізге келіп өздерінің қарсылық шағымын жазбаша білдіруге болады. Біз осы арызды негізге алып, сараптамалық топ науқас баланың денсаулық жағдайын көзбе-көз көріп, куүландырады,- деді Т.Дауытов.

Ал, 18 жастан кейінгі мүгедек жандарды оңалтуы жайында әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының өкілі Раушан Сейдакпар жауап берді.

–18 жастан асқан аутизм, психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек жандарды толық стационарда оңалту үшін 2019 жылы 100 орындық орталық ашылған болатын. Қазір онда 70-тен аса науқас қызмет алып жатыр. Жартылай стационар бойынша басқарманың әлеуметтік қызметтер порталына 15 ата-анадан өтінім келіп тұр. Осындай қажеттілікке байланысты біз ұсыныс әзірлеп, бұл бағытта қызмет көрсететін орталық ашу үшін оның нормативтерін негізге алып, қала әкіміне ұсыныс берілді. Қазір №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанынан 30 орындық оңалту бөлімін ашу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді ол.

Жиында әр тарап өз ойын білдірді. Ең бастысы арнайы шақырылған спикерлердің жауабы шағым айтқан көпбалалы аналардың көңілінен шықты. Шымкент қаласының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Нұржан Абдезов кез келген азаматтың құқығын қорғау жолында талап-тілегі ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

«Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы ашылды

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі