aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті.

Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты.

Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады.

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

– Сайрам қалашығынан басталған экосенбіліктің мақсаты ––тарихи, киелі орындарды жастарға насихаттау, оларды келешек ұрпаққа сақтап қалу. Киелі жерлер болғандықтан ұдайы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор іс-шара қала жастарына, туристерге зор серпін береді, — деді басқарма басшысы.
Айта кетсек, 250-ден астам қала жастары, волонтерлер, зиялы қауым өкілдері тазалық іс-шарасына белсене үлес қосты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпықалалық сенбілікке 103 мыңнан аса тұрғын қатысты. Биылғы тазалық күнінде әсіресе, сакралды аймақтарды тазалауға жастардың күші жұмылдырылды.

Тазалық шараларына қатысқан мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер көше бойларын, ирригациялық жүйелерді, кәсіпкерлік нысандар аумағын күл-қоқыстардан тазартты. Сонымен қатар, маңызы бар автожолдар тазаланып, бей-берекет тасталған күл-қоқыстар алынды, қолайсыздық тудыратын қураған шөп-талдарды да тазалау жұмыстары жүргізілді. Шараға 96 арнайы техника жұмылдырылып, 344,79 шақырым жолдар тазаланды. Нәтижесінде қала аумағынан 744,2 м3 қоқыс шығарылды. Ендеше, қаланың бет-бейнесі тазалықта. Шаһар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте ерекше бала асырап отырған аналардың құқығы қорғалды

Келесі жаңалық

Шымкент қаласы тұрғындарының 77,5 пайызы сақтандырылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі