aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласы тұрғындарының 77,5 пайызы сақтандырылған

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласы тұрғындарының 77,5 пайызы сақтандырылған
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сабит Райымбекұлы баспасөз конференциясын берді.

2023 жылы қала аумағында 183 медицицналық ұйым қызмет көрсетуде. Оның 34-і мемлекеттік мекеме болса, қалған 149-ы жекеменшік медициналық ұйым.

Биылғы жылы медициналық қызметтерді сатып алу рәсімінің қорытындысы бойынша 183 медициналық қызмет көрсетушімен 112 582 636,12 мың теңге сомасына 442 шарт жасалды, оның ішінде: ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) бойынша – 59 182 692, 18 мың теңге, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша – 53 399 943,94 мың теңге. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика көлемінде сақтандырылғандар саны 82,82 % құраса, бұл көрсеткіш Шымқалада 77,5% ға жетті.

Филиалға «Айкей СRM» ақпараттық жүйесі арқылы медициналық мекемелерге қатысты өтініштер саны 2021 жылы 59 524 болса, 2022 жылы 55 759, 2023 жылы 25 569 өтініш келіп түскен. Оның ішінде арыз-шағымдар, ұсыныстар, алғыстар және азаматтардың сала бойынша кеңес сұраған өтініштері бар. Өтініштер мен ұсыныстардың азаюы және шағымдардың өсуі халықтың, сақтандырылған адамдардың, МӘМС жүйесі мен өз құқықтары туралы хабардарлығының артуымен байланысты.

МӘМС жүйесін енгізудің артықшылықтарына келер болсақ, медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті, жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) көрсететін медициналық ұйымдар саны артып, қызметі қарқын алды. Оның ішінде, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және экстркорпаралды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтері бар. Атап айтқанда, 2019 жылы 15 әйел, 2021 жылы 578 әйел, 2022 жылы 887 әйел ЭКО арқылы ана атанса, осы жылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген. МӘМС жүйесі енгелі бері бауыр, бүйрек және 1 рет жүрек трансплантологиясы жасалды. Сонымен қатар, ересектер мен балаларға арналған оңалту емі 2 есеге артқан. Оңалту ем шараларының да түрлері ұлғайған. Консультациялық диагностикалық көмек (КДК) көлемі де жыл сайын өсуде. Қымбат тұратын КТ, МРТ қызметі тегін көрсетілуде. 2022 жылы онкологиялық ауруды ерте диагностикалау үшін Позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) орнатылды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласының жастары экологиялық акцияға белсенді қатысты

Келесі жаңалық

Ақтөбелік қонақтар Шымкент қаласын аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі