aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қалалық перзентханада күніне 40 сәби дүниеге келеді

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қалалық перзентханада күніне 40 сәби дүниеге келеді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы бала туу көрсеткіші бойынша республикада көш басында. Қазір шаһар дәрігерлері ана мен баланың денсаулығын жақсартуда аянбай еңбек етіп отыр. Мегаполис мәртебесін алғалы ауруханалардың да жағдайы жақсара түскен. Қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы нығайып, қызмет көрсету сапасы арта түскен.

Қалалық перзентханада күніне 40-қа тарта сәби дүние есігін ашады. Олардың денсаулығы мен ананың көңіл-күйінің тұрақтылығына ақхалаттылардың қосар үлесі ерекше. Перзентхана есігін аттап кірген жүкті әйелдің қолына сәбиін құшақтап отбасына оралғанға дейінгі жағдайы жіті бақылауда болады. «Үшінші мегаполис болғалы шын мәнінде жағдай жақсара түскен. Біз үшін ол үлкен мақтаныш. Әр науқас үшін біз қуанамыз. Біз науқастармен бірге өкіне де білеміз. Біз науқастармен бірге олардың туыстарына аман-есен жетуін тілеп отырамыз»,- дейді Шымкент қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Перизат Әмірова.

Күні-түні кірпік қақпай еңбек етіп отырған мамандардың қызметі де ұшан-теңіз. Мұнда ауыр жағдайда босанған әйелге барлық жағдай жасалады. Мерзімінен ерте туылған нәрестелерге де ерекше күтім көрсетіледі. «Жан сақтау бөлімшесіне біз әйелдерді ауыр жағдайда қабылдаймыз. Қан кеткен жағдайда біз оған қан құямыз. Біз бұл жерден науқастарды толық айыққанша қарап, аяқтан нық тұрғызып шығарамыз»,- дейді Шымкент қалалық перзентхана жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Ержан Әшіров

Күрделі жөндеу жұмыстарынан соң перзентхананың мүмкіндіктері де кеңейген. Қазір босану кезінде әйелдердің туыстары серіктес ретінде жанында бола алады. «Операцияға түсу оңай емес, менде бірінші бала. Дәрігерлердің моралдіқ қолдауы көп көмек берді. Сол қиын сәтте көмектескен дәрігерлерге рахметімді айтқым келеді»,- дейді жас ана Жадыра Амангелді. Айтып өтейік, қалалық перзентханада 400-ге тарта маман табанды еңбек етіп отыр. Оларға 1 күнде 60 әйел қаралып, 40-қа жуығы басанады. Бұл көрсеткіш перзентханада жылына 12 мың сәби дүние есігін ашатынының дәлелі. Бір қуанарлығы соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелмеген.

Алдыңғы жаңалық

Ақтөбелік қонақтар Шымкент қаласын аралады

Келесі жаңалық

Шымкентке шетелдік саяхатшылар келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі