aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентке шетелдік саяхатшылар келді

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентке шетелдік саяхатшылар келді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент шетелдік туристерді қызықтырып отырған қалалардың бірі. Оған дәлел жақында Оңтүстік кореялық ерлі-зайыптылардың Шымқалаға саяхаттап келуі. Олар қысқа уақытта әлемнің 90 елін аралауды межеге қойыпты. Бұған дейін бірнеше мемлекетті аралап келген саяхатшылардың ендігі жолы үшінші мегаполиске түсіпті.

Парк Хен Мин мен оның әйелі Шин Хо Сонның туристік сапары мамыр айында басталған. Бұл үшін арнайы автоүй сатып алған.

–Мен Кореяда оқып, білім алып, сонда өз кәсібімді аштым. 13 жыл бұрын бірге жұмыс істеген әріптесім Шин Хо Сонға үйленген болатынмын. Содан бері екеуміздің қызығушылығымыз бен көзқарасымыз да бірдей. Екеумізде ел аралағанды, өзге ұлттың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен танысқанды ұнатамыз. Екі жылдық саяхаттың шығындарына шамамен 100 мың АҚШ доллары кетеді деп есептедік. Оңтүстік Корея бай мемлекет болғанымен мұндай шығынмен саяхаттау мүмкіндігі әрбір отбасында жоқ. Біздің табыс әкеліп тұрған жеке бизнесіміз бар. Мал өсіріп, оның етін сатумен айналысамыз»,- дейді Хен Мин.

Саяхатшылардың Қазақстан туралы пікірлері жақсы.

–Маған «Орта Азияда полицейлер пара алады, алдап соғады» деген пікірді көп адамдар айтты. Бірақ мен саяхатттап жүріп мұны кері пікір екендігіне көз жеткіздім. Өйткені жолда көлігім бұзылып қайда, қалай хабарласарымды білмей абдырап тұрғанымда жолда полиция қызметкерлері тоқтап, көлігімді тиісті орынға жеткізуге көмектесті. Бізді ешкім танымаса да, тілімізді түсінбесе де сыйлықтар беріп қуантты. Мені қызықтырғаны қазақтың ұлттық киімдері болды. Асқан көркемділік, шеберлікпен жасалған шапан, бас киім, кимешегі өзге ұлттарға ұқсамайды. Ал домбыраның үні тіпті ерекше. Бізге тарту етілген сыйлықтармен мүмкін елімізде көрме әлде мұражай ұйымдастыратын шығармыз. Алда жоспарларымыз көп,– деді Хен Мин.

Туристер әрі қарайғы сапарын Ресей, Әзербайжан, Грузия, Үндістан, Пәкістан елдеріне жалғастырмақ. Ал, одан кейін Африка құрлығына өтуді жоспарлап отыр. Туристер «Visitshymkent» ақпараттық орталығының қызметіне жүгінген. Орталық қызметкерлері ендігі кезекте қаламыздың көрікті және тарихи жерлерін көрсетіп, қонақжайлылық танытпақ. Айта кетейік, қалада еліміздің түкпір-түкпірінен келетін және шетелдік туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетіліп келеді. Бұл бағытта «Visitshymkent» ақпараттық орталығының қосып отырған үлесі көп.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қалалық перзентханада күніне 40 сәби дүниеге келеді

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының жастары жаңа босанған аналарды құрметке бөледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі