aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласының әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласының әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қоғам қайраткерлерінен құралған 20 шақты зиялы қауым өкілі қатысқан жиында мегаполистің дамуына, рухани, мәдени өміріне қатысты ұсыныстар талқыланды.

Қалада бүгінде 87 мыңнан астам қария тұрады. Олардың 3 соғыс, 2 мыңнан астамы – тыл ардагері. Бүгінде мегаполистің егде тұрғындарына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде. Бір жылда 50 мыңнан астам қария 10 күндік санаторлық – курортты емдеу шараларымен қамтылады. Сондай-ақ ардагерлер «Дәнекер» жобасы аясында қоғамды ізгілендіруге де үлес қосуда.

Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қариялар еліміздің көрікті орындарына саяхаттайды. Екі жарым мыңнан астам ардагерге мерзімді басылымдар тегін жеткізілуде.

«Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі өнегесіздер. Осыған дейін де қаланы дамытуда белсенді жұмыс істеп келдіңіздер. Бұл бағытта мен сіздерді қашан да қолдауға дайынмын. Кез-келген маңызды мәселеде өздеріңізбен ақылдасып, кеңесіп отырамыз. Алда жоспарлар көп. Ол үшін қаланың тыныс-тіршілігімен, даму бағытымен етене танысып алу қажет.

Ең алдымен жұмысқа кіріспес бұрын өздеріңіздің баталарыңызды алып, кеңесіп алу ниетім болды. Қаланы дамытуда өздеріңізбен бірлесіп, адал, таза жұмыс істеуге дайынбыз», — деді қала әкімі.

Кездесу соңында қала басшысы зиялы қауым өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта өзекті мәселелерді қарастыруда, қаланың дамытуда ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, мол тәжірибелерімен бөлісуде белсенділік танытуға шақырды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы көпбалалы аналардың қолдаушысы

Келесі жаңалық

Шымкентте «Киелі табиғат» экологиялық акциясы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі