aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы көпбалалы аналардың қолдаушысы

16 сентября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы көпбалалы аналардың қолдаушысы
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Бақытты жанұя» орталығының жұмыс істеп келе жатқанына біраз уақыт болды. Орталықта «Отбасы күніне» орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған орталық басшысы Абибулла Қалымбеттің айтуынша, отбасы мерекесі қарсаңында «Бақытты жанұя» орталығында «Отбасы – ұлттың тірегі» атты жиын өткен.

Жиында орталықта жыл басынан бері атқарылған жұмыстар талқыланып, оны зерделеуден өткізді. Мамандар өздеріне міндеттелген жүйелі жұмыстардың оң нәтижесін баяндады. Сондай-ақ Шымкент қаласында Арбат алаңына қарама-қарсы бетте «Бақытты жанұя» қолдау орталығы жұмыс істейді. Онда келуші аналарға құқықтық-психологиялық кеңес беруден бастап, кәсіптің түр-түріне үйретеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында халықтың әл-аухатын көтеру алдыңғы орында. Сондықтан да ел азаматтарының, олардың отбасылық құндылықтары заңмен барынша қорғалған. Жалпы Шымкент қаласында «Бақытты жанұя» орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, шаһарда отбасы күні мерекесі 2013 жылдан бастап үлкен іс-шара ретінде тойланып келеді. Біз тек мереке қарсаңында ғана емес, жай күндері де аналармен сырласып, жиындар өткізіп тұрамыз. Бүгінде біздің мекемеге 55 мыңнан аса қыз-келіншек тіркелген. Олармен бірлесіп, өдерін мазалаған мәселелерін шешуге көмектесеміз. Жұмыссыз жүрген аналарды кәсіби деңгейдегі курстарға қатыстырып, өз кәсібін жүргізуге қолдау көрсетеміз. Былтыр 49 350 қыз-келіншек мұң-мұқтажын айтып шағымданған болатын. Жиі келетіндердің қатарында – көпбалалы, аз қамтамсыз етілген және осал топтағы аналар бар. Зорлық-зомбылық көріп арызданғандар да жетерлік. Барлығына тиісті деңгейде бағыт-бағдар көрсетеміз, – деді «Бақытты жанұя» орталығының басшысы Абибулла Қалымбет.

Іс-шара барысында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова отбасындағы тәлім-тәрбие, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі хақындағы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, аналарға қолдау көрсететін орталық жұмысының жетістіктерін атап өтті. «Бақытты жанұя» орталығының ерекшелігі – аналарымызға қолдау көрсетеді, кәсіпке үйретеді, ары қарай кәсіп ашуға жол көрсетеді екен. Орталықта оқыған аналардың кәсібі өрлеп, өзгелерді жұмыспен қамтамасыз етіп отығаны расында қуантады. Бұл қажырлы еңбектің арқасы деп білемін», деді Баян Жандосова.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласының жастары жаңа босанған аналарды құрметке бөледі

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі