Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 100- ге жуық қыздары «Қыз-болашақ ана» тақырыбындағы жиынға қатысты. Онда құқықбұзулықтың алдын алу және қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру туралы келелі ойлар, пікірлер айтылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясындағы игі шарада тәжірибиелі гинеколог, психолог, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, полиция департаменті қызметкерлері өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кездесуде бұдан бөлек аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастардың психологиялық сауатын арттыруға арналған да іс-шара болды. Соңы Қаратау өнер мектебінің дәстүрлі әншісінің әуезді әндеріне ұласты. Алдағы уақытта мұндай жиындар басқа да оқу ордаларында да жүзеге асырылмақ.
Қыз тәрбиесіне қоғам жауапты. «Қыз тәрбиесі — қоғам тәрбиесі» атты Tashenev Universityде 1ші курс студенттерінің қыздары арасында кездесу өтті. Аталмыш шарада қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы еендіктерін, сондықтан анасынан сыр жасырмау керектігі туралы кеңестер айтылды. Сонымен бірге, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіліп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндіріліді.
Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу мақсатында, қыз тәрбиесін қоғам назарынан тыс қалдырмау мақсатында өткен жиында еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.