aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент қаласында 9 айда 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

7 октября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент қаласында 9 айда 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы жұмыспен қамту шаралары, ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтердің орындалу барысын баяндады.

Шымкентте биыл 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 9 айда 56 379 адам қатысқан. Жылдық жоспар 99 пайызға орындалып отыр. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 9156 адам тұрақты жұмыс орнына орналасып, 8 мыңға жуығы субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған.

-Жыл басынан бері 22 870 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде, 21 815 орын кәсіпкерлік жеке бастамамен және 1055-і ұлттық жобалар аясында ашылып отыр. Қазіргі таңда 2431 жұмыссыз азамат тегін 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуде. Оқу сәтті аяқталған соң оларға сертификат табысталып, әлеуметтік келісім-шарт негізінде кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орындарына орналасады. Сондай-ақ жыл басынан бері https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында 2 жарым мыңнан астам адам кәсіптік білім алған, — деді басқарма басшысы.

Биыл жасы 21 мен 35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5% шағын несие беру жоспарланып, бүгінгі күнге жалпы 379 үміткер бизнес жобасын таныстырған. Нәтижесінде, 209 үміткер комиссия қорытындысымен оң шешім алған. 145-не шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттік мамандар қызылшаға қарсы вакцинаны уақтылы қабылдауға шақырады

Келесі жаңалық

Шымкентте «Таза қала – өзіңнен басталады» акциясына қатысушылар бадам өзенінің бойын тазалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі