aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте «Таза қала – өзіңнен басталады» акциясына қатысушылар бадам өзенінің бойын тазалады

7 октября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте «Таза қала – өзіңнен басталады» акциясына қатысушылар бадам өзенінің бойын тазалады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция аясында алғашқы жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте Шымкент қаласы Абай ауданына қарасы Жаңаталап елі мекенінің тұсынан ағып өтетін Бадам өзенінің жағалауы тазаланды.

Тазалық шарасына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бастап қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Сонымен қатар Бадам өзенінің жағалауын тазалауға Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Алтынтөбе елді мекендерінің тұрғындары да атсалысты.

Сенбілікке жиылғандар өзен сағасын күл-қоқыстан тазартып, арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарды. Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманқұловтың айтуынша, бүгін сенбілік ұйымдастырылып жатқан Бадам өзенінің жағалауына алдағы уақытта ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Таза қала – өзіңнен басталады» атты акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасып, осындай ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастар «Birgemiz: «Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен қарт кісінің үй шаруасына қолғабыс танытты.

Жастарды еріктілікке, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мен үлкенді құрметтей білуге бағытталған жоба аясында, ерікті жастар жалғызбасты Танеев Бористің үйіне арнайы барды. Ерікті жастар үй ауласындағы шашылған қоқыстарды сыпырып жинау, ауыр күл-құқыстардан тазарту, қураған ағаштарды қырқу мен шөптерден тазарту жұмыстарын жүргізді. Танеев Борис жастарға көрсеткен көмегі мен қамқорлығына ризашылығын білдірді.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент қаласында 9 айда 17 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

Келесі жаңалық

Қазақстан медаль саны бойынша Азия ойындарында үздік бестікке енді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі