aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте журналистердің біліктілігін арттыратын үш күндік семинар өтті

16 октября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте журналистердің біліктілігін арттыратын үш күндік семинар өтті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі медиа. Дәстүрлі БАҚ-тың дамуы. Журналистикадағы тіл тазалығы. Шымкентте қалалық Ішкі Саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған БАҚ өкілдері арасында өткен үш күндік семинар-тренингте осы тақырыптар қозғалды.

«Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» тақырыбында өткен семинарға елімізге белгілі журналистер, баспасөз хатшылары, баспа және телевизия саласындағы тәжірибелі мамандар мен жас журналистер қатысты. Сонымен қатар, басқосуға Түркістан, Жамбыл облыстарында журналистика саласында еңбек етіп жүрген мамандар да шақырылды.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жас журналистердің біліктілігін арттыру, қоғаммен байланыс орнатудың тиімді жолдарын көрсету,- деп атап өтті шараны ұйымдастырушы журналист Бейсенкүл Нарымбетова.

«Бүгінгі қазақ баспасөзі: Ұлттың идея және тіл тазалығы» жайында белгілі журналист Ғалымжан Елшібай, «Заманауи коммуникация құралдарының дамуы және оның дәстүрлі БАҚ- қа ықпалы» тақырыбында спикер Данияр Алан баяндама жасаса, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мира Сүлейменова қоғаммен байланыстағы тәжірибесімен бөлісті.

Бүгінгі таңда қазақ журналистикасында тіл тазалығы мәселесі жиі айтылады. Бұл бойынша Шымкент қалалық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі, тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби өз ойымен бөлісті. Іс-шара аясында білікті БАҚ өкілдері жас журналистерге теориялық және практикалық тұрғыда шеберлік сабақтарын өтіп, диалог алаңында еркін пікір алмасты. Сонымен бірге түрлі ойындар ұйымдастырылып, жас журналистердің тапқырылығы мен ұшқырлығы да сынға түсті.

Алдыңғы жаңалық

Қала әкімі Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Келесі жаңалық

Шымкентте мамандар интернет алаяқтарынан сақтану жолын түсіндірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі