aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте мамандар интернет алаяқтарынан сақтану жолын түсіндірді

16 октября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте мамандар интернет алаяқтарынан сақтану жолын түсіндірді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Әділетті Қазақстан: Экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық кепілі» атты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыратын акция басталды. Жастар арасында қаржы пирамидасы мен ойынқұмарлық секілді індеттердің алдын алуға арналған іс-шара бүгін Сайрам тұрғын алабында ұйымдастырылды.

Жиынға қатысушылардың басым бөлігі студент жастар мен оның ата-аналары. Акцияны Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, қалалық прократура және қала әкімдігінің қолдауымен «Сайрам Планета» холдингі қолға алып отыр. Іс-шара барысында мамандар жастарға интернет алаяқтардан сақтану жолын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында лудомания, қаржылық пирамида және интернет алаяқтық, одан бөлек халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында өзекті мәселе көтерген болатын. Шын мәнінде соңғы жылдары халық арасында интернет алаяқтарынан зардап шеккендердің саны артты. Осы мәселеге талдау жасай келе, негізінен алаяқтың құрығына тұрақты табысы бар саланың мамандары жиі түседі екен. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелер және шәкіртақы алатын студенттер бар. Алаяқтықтың ең көп таралған түрі – қаржылық пирамида. Жалпы, қаржылық пирамиданың 10 белгісі бар. Ең алдымен қомақты көлемде қаржы салу, капиталға өте жоғары пайыз уәде беретін пайыздар, одан кейін салған ақшаңызды қайтару үшін міндетті түрде таныстарыңызға осында ақша салуы керек. Сонымен қатар, бұл инновациялық жоба ретінде ұсынылып, компания жаңадан ашылғанын айтады. Мәселен, бизнес жүргізу үшін жаңа компания ашылса, оның құрылтайшысы, жарғысы, өзінің келісім шарттары, іс-қағаздарын жүргізу барысында жауапкершілігі болады. Ал, қаржы пирамидасында тек жалғыз құрылтайшысымен келісім шарт түзіледі. Және, келісім парағында екі жақтың да ешқандай жауапкершілігі көзделмейді. Мәселен, сіз ақша саласыз, бірақ ешқандай жауапкершілік алмайсыз, — деді жиында сөз алған Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға-офицері Гүлзия Қарсыбай.

Маманның айтуынша, интернет алаяқтары ең алдымен адамдардың әлеуметтік желідегі парақшасына тіркеліп, оны әбден зерттейді екен.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте журналистердің біліктілігін арттыратын үш күндік семинар өтті

Келесі жаңалық

Петропавлда футбол алаңында жарақат алған жасөспірім көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі