aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады

20 октября, 2023
in Uncategorized
0
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан халқының саны бүгінде 19,9 млн құрайды. Осылайша, елімізде туу көрсеткіштері тұрақты оң динамиканы көрсетіп, соңғы 10 жылда (2012-2021 жылдар) орта есеппен 2%-ға артқан. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Әркен Өтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Табиғи өсуге әсер ететін тағы бір көрсеткіш – өмір сүру ұзақтығының артуы.

Мысалы, егер 2013 жылы өмір сүру ұзақтығы 70,6 жас болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,4 жасқа жетті.

«Жалпы, Қазақстан халқының демографиялық құрылымы әлі де салыстырмалы түрде жас. Тұрғындардың он жылдық кезеңдегі орташа жасы небәрі алты айға — 31,6-дан 32,1 жасқа өсті. 2021 жылғы әлемдегі жағдай бойынша орташа жас 30 жасты құрайды», — деп атап өтті Әркен Өтенов.

Спикердің пікірінше, әлемдік және отандық сарапшылардың болжамдарын талдай отырып, 2050 жылға қарай Қазақстанның қолайлы демографиялық құрылымды сақтап қалуға барлық мүмкіндігі бар. Туудың жоғары деңгейі халықтың өсуіне ықпал етіп, еңбекке қабілетті адамдардың үлесі басым болып қалады.

«Оңтайлы шешім тұрғысында, Қазақстан «демографиялық дивидендке» немесе «демографиялық бонусқа» ие болып, жас және белсенді тұрғындардан экономикалық пайда ала алады», — деді Агенттік төрағасының орынбасары.

Қорытындылай келе, спикер талдау мен зерттеулерге негізделген бірқатар ұсыныстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың алдында тұрған әлеуметтік сипаттағы міндеттер жайлы да айтты.

Алдыңғы жаңалық

Оралда ер адам көшеде тоғыз жасар баланы тонап кеткен

Келесі жаңалық

Нұрлан имам шымкенттік жастармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі