aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Нұрлан имам шымкенттік жастармен кездесті

20 октября, 2023
in Uncategorized
0
Нұрлан имам шымкенттік жастармен кездесті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының ғимаратында дініміз бен дәстүрімізді дәріптеу арқылы желідегі жұртшылықтың жүрегіне жол тауып жүрген Нұрлан Байжігітұлы шымкенттік жастармен еркін форматта сұхбаттасты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады.

Теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан қажы Байжігітұлы ұлттық руханият, салт-дәстүр, жастардың үлкен мен ата-ананы құрметтеу, лудомания сынды бағыттардағы тақырыптар аясында әңгіме өрбітті.

— Қазақ — қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Осы ұстаным негізінде бала мен ұлт тәрбиелеген. Үйден ата-ананың ақ батасынсыз қарыс жол аттамаған. Жолым ашылып, ойлаған ісім өрге дөңгелесін десеңіздер ең алдымен осы екі кісінің қадір-қасиетіне жете біліңіздер, — деп сөзін түйіндеді Нұрлан имам.

Кездесу соңында Нұрлан қажы жастарды толғандырған, маңызды әлеуметтік тақырыптар айналасындағы сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды.

-Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды, – деді Президент.

Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.

-Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс, – деді Президент. Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берген болатын.

1672 символ

Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады

Келесі жаңалық

Құда түсуге жұмыс формасымен барған полиция қызметкері өз әрекетімен көпшілікті тәнті етті (видео)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі