Шымкентте ерекше спорттық сайыс өтті. Додаға спорт саңлақтары емес, әр салада табанды еңбек еткен ардагерлер қатысты. Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен Халықаралық дәрежедегі волейбол турниріМемлекет және Қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы ақын Қуаныш Төлеметовті еске алуға арналды.
Бұл сайыс бұрынғыдан өзгерек. Дода ардагерлерді доп қуалап, бәсеке арттыруға емес, өзара ынтымақты нығайтуға бастайды. Мұндай байқаулар қазақтың біртуар ұлдарының өнегелі өмірін насихаттауға шақырады,дейді ардагерлер.
Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдіерінің ардагерлер командасы және Астана, Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларының волейболшылары қатысты. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған турнирді қалалық волейбол федерациясы мен ардагенрлер кеңесі ұйымдастырды. Турнирге қатысушыларға Шымкент қаласы әкімінің біріншіорынбасары Қуаныш Асылов, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Зауытбек Тұрысбеков,Республикалық волейбол федерациясының президенті Ерсұлтан Бектұрғанов Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық волейбол федерациясының президенті Анарбек Орман Қуаныш Төлеметовтің өміры жайлы естеліктер айтты. Қуаныш Төлеметов өзінің жанына серік еткен спорт түрімен ғұмыр бойы айналысып өтті. Волейболдың ардагерлер арасында кеңінен дамуына үлес қосты. Бүгін алаңда Қуаныш Төлеметовпен бірге бір команда да ойнаған аға буын өкілдері өнер көрсетті.
Қуаныш Төлеметовті еске алуға арналған халықаралық турнир үш күнге сөзылды. Ақтық сында, Алматы қаласы мен алаң иелері кездесіп, бас жүлдені алматылықтар жеңіп алды.Жүлделі III орынды Қырғызстанның “ Ош” командасы иемденді. Жеңімпаз команда — 1 млн. теңге, II орын — 700 мың теңге, III- орын — 400 мың теңге, IV орын — 400 мың теңге сыйақы алды. Сонымен қатар үздік атанған спортшылар да қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделерді Шымкент қалалық класcикалық және жағажай волейбол федерациясының президенті Анарбек Орман және Қанат Қуанышұлы арнайы табыс етті. Енді бұл турнир дәстүрге айналдатын болады.