aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Алматы әкімдігі жол жөндеуде қателіктер жіберген мердігермен келісімшартты бұзды

24 октября, 2023
in Uncategorized
0
Алматы әкімдігі жол жөндеуде қателіктер жіберген мердігермен келісімшартты бұзды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы әкімдігі ескертусіз жол белгілерін алып тастап, көлік пен жаяу жүргіншілерге қауіп туындатқан мердігер компаниямен келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform.

Қалалық мобилділік басқармасы «Dauren Build» ЖШС-мен Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша талаптардың бұзылуына байланысты келісімшартты бұзуға ниетті екендігін растайтын ескерту жолдады.

«Қазіргі кезде аталған нысан бойынша жөндеу жұмыстары тапсырыс берушінің келісімінсіз жиырма күнге тоқтатқан. Басқарма тарапынан жөндеу жұмыстарын жандандыру жөнінде бірнеше ескерту жолданды. Алайда мердігер ұйым жұмыстарға тек қазан айында қайта кірісті.Сонымен қатар техникалық қадағалау тарапынан де ескертулер берілгенмен, мердігер ұйым бұл қателіктерді жөндемеді»,-деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ Байзақов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінің беткі қабаты 24 тамыз күні тапсырыс берушіге ескертусіз тиісті жол белгілерімен бірге қырып тасталды. Осылайша, қазіргі кезде аталған көшенің аталған бөлігі көлік пен жаяу жүргіншілер үшін қауіп туындатып отыр.

«Келісімшарт талаптарына сәйкес, тапсырыс беруші екінші тараптың өрескел қателіктеріне байланысты келісімшартты бекітілген мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Келісімшарт талаптарын бұзудың қатарында тапсырыс берушінің келісімінсіз жұмыстарды он бес күннен ұзақ тоқтату да бар.Жол қауіпсіздігі мен қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарма қолданыстағы заңнама аясында шара қолданады. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға сәйкес тапсырыс беруші тарапынан келісімшартты біржақты бұзу туралы ескерту жолданыды, сонымен қатар айыппұл да қарастырылған»,-деп атап өтті Алматы қалалық мобилділік басқармасынан.

Көлік қозғалысының жиілігін ескере отырып және апаттық жағдайларды алдын алу мақсатында Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөліктің орташа жөндеу жұмыстарын кәсіптің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өзге мердігер ұйымдар аяқтайтын болады.

Еске сала кетейік, биыл орташа жөндеу жұмыстарын жалпы ұзындығы 200 шақырым жолда жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі кезде негізгі магистралды көшелер бойынша жұмыстар аяқталды.

Инженерлік желілерді ұйымдастыру жұмыстары уақтылы аяқталған жағдайда, аудандық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық сападағы жол үлесін 86%-дан 89%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Алдыңғы жаңалық

Болат Жанәділов: Егемендік декларациясының қабылдануына 12 депутат қарсы болды

Келесі жаңалық

ШҚО-да игерілмеген 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі