Нашақорлықтың алдын алу және есірткіге қарсы бағыттағы жұмыстарды бір ғана мемлекеттік орган өздігінен іске асыра алмайтыны сөзсіз. Бұл жұмыстарды барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуы және жалпы қоғамның ат салысуы нәтижесінде ғана шешу мүмкіндігі бар.
Осыны ескере отырып, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, болашақ ұрпақтың дені сау болып өсуін, зиянды әдеттерге бет бұрмауының алдын алу мақсатында, кіші футболдан жарыс өткізілді.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Ол өз сөзінде жас спортшыларды осы бағыттан тайынбауды, зиянды заттарға жоламауды, ұдайы спортпен шұғылданып, еліміздің туын әлемдік деңгейде асқақтатуға шақырды.
Айта кетсек, Шымкент полициясы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінде өткен іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков қатысты.
Полиция майоры жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертті. Сондай-ақ, есірткіге жолағандардың тағдыры туралы нақты мысалдар келтіріп, қылмыстан аулақ болуға шақырды.
1619 символ