«Қызға қырық үйден тыйым» деген дана философиялық қағидаға орай ата — бабаларымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. “Қыз өссе елдің көркі” дегенге сай болу үшін оны адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбек сүйгіштікке, баулыған. Ғаламат қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы, бақытты жан» тақырыбында өткен жиында қазақ қыздарының тәрбиесі, қоғамдағы рөлі жайлы сөз қозғалды.
Нәзік жандылар мәселесі ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпаған. Себебі, қыз болашақ ұрпақ тәрбиелейтін ана. Ал адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы бойымызға ананың ақ сүтімен дариды. XXI дамыған ғасырда әйелдер қауымы түрлі салада біліктілігін дәлелдеп, өздерінің артынан ізін қалдыруда. Жалпы жиынға мектеп оқушылары,студенттер, қыз-келіншектер қатысып, шалыс басқан қадамдар арқылы қоғамда актуалды болып отырған мәселелердің бірі ертежүктілік сынды көріністерге куә болды.
Шарада сонымен қатар қазақи нақыштағы ұлттық киімдер, шолпы, шашбау секілді әшекей-бұйымдардың тағу үлгісі көрсетілді. Заман өзгере бермек, дегенмен қанымызға сіңген, ұлтымыздың мәдениеті мен әдет-ғұрпын жойып жібермей, болашақ ұрпаққа табыстау бізге жүктелген басты міндет дейді ұйымдастырушылар.
Кездесуге қатысып отырған ОҚМУ өнер факультетінің студенттері бұл жиынның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кездесуден әрбір қызға тыйым салынған 40 әдеп туралы маңызды мағлұматтармен таныстық дейді студенттер.
Алдағы уақытта дәл осындай тәрбиелік маңызы бар кештер өз жалғасын таба бермек.
1327 символ