aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді

7 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысында ауыл әкімі ұл баланы көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова рөлде болған. Оқиға орнына келген Полиция департаментінің қызметкерлері мерт болған оқушының 12 жаста екенін анықтаған.

«Оның өліміне әкім Бақтиярова Әлия Маратқызы кінәлі. Ол Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында 2 қарашада кешке баланы көлікпен қағып кеткен. Соның салдарынан 9-сыныпта оқитын Асыл Тұрсынбай апат орнында қайтыс болды. Көліктің рөлінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған», — деді белгілі журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

Ал апат орнына келген полиция қызметкерлері хаттама толтырып, көлікті айыппұл тұрағына қойған. Қоғам белсендісі ұл баланы қағып өлтірген әйелдің тіптен уақытша ұстау изоляторына қамалмағанын жазды. Мезгілсіз қайтыс болған оқушы демалыс күні жер қойнына тапсырылды.

«12 жастағы жасөспірім Hyundai Greta көлігінің дөңгелегіне түсіп қайтыс болды. Машинаны 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты болған жол апаты облыстық полиция басқармасынның өндірісіне алынды. Қамауға алу туралы полиция емес, сот шешім шығарады», — деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Әлия Бақиярова 2014 жылдан бастап лауазымды қызметке тағайындалған. Ол Көксу ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Алдыңғы жаңалық

Израиль СІМ өкілі Қазақстанның Палестина халқына 1 млн доллар көмек жіберуіне пікір білдірді

Келесі жаңалық

Шымкент қаласының әкімі табиғи газ жүйесі мен темір өткел құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі