Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ең алдымен Тассай шағын ауданында жүргізіліп жатқан табиғи газ жүйесінің құрылысымен танысып шықты.
Нысандағы құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы мердігерге жұмысты жандандыру ғана емес, сапалы жүргізуді міндеттеді. Егер талаптары орындалмаса, тиісті мамандарға мердігерді жауапқа тартуды ескертті. Өйткені жергілікті тұрғындар орындаушылардың жауапсыздығынан зиян шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ көгілдір отынның берілу мерзімі жайында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Тассай шағын ауданындағы табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары 2021 жылдың соңында басталған болатын. Бүгінге дейін мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС жұмыс көлемінің 84 пайызын орындаған. Газ тарату жүйесінің қуаттылығы – 12.5 м3/сағ, ал ұзындығы 68,8 шақырымды құрайды. Нысан келесі жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 3 345 абонент көгілдір отынмен қамтылады.
Мұнан кейін, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қызылсай тұрғын алабындағы темір асты өткелінің құрылыс қарқынын көріп, атқарылып жатқан жұмыстың жай-күйімен танысты.
Кірме жол құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Жер асты жұмыстары жалғасып, инженерлік желілер қайта орнатылуда. Мұнда көлік қозғалысын ашу жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 55%-ы орындалды. Жобаға сәйкес нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Қала басшысы бұл нысан тұрғындар үшін маңызға ие екенін айтып, жауаптыларға мердігердің құрылысты сапалы әрі мерзімінен кешікпей аяқтауды тапсырды.