aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте Халықаралық білім сайыстарының жеңімпаздары алдағы жоспарларымен бөлісті

3 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте Халықаралық білім сайыстарының жеңімпаздары алдағы жоспарларымен бөлісті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының оқушылары халықаралық және республикалық білім сайыстарынан 93 жүлделі орынға ие болды. Осы орайда Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры Раушан Джеренова, оқушылар арасындағы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары баспасөз брифингін өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Қанат Серікбай 2023 жылы Белград қаласында өткен Еуропалық ЕgeO олимпиадасында күміс медаль иегері атанған болатын. Ал Арсен Сыдықов биыл Индонезияның Бандунг қаласында өткен Халықаралық IGeO олимпиадасында қола медальға ие болды. Сондай-ақ, Еуропалық ЕGeO олимпиадасының қола медаль иегері.

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 гимназияның 11 -сынып оқушысы Баязит Байжүрек 2023 жылы Мәскеуде өткен «Ғылымға бастама» оқушылардың XVIII Халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпазы атанып қайтты.

—Қала оқушылары халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін алдымен іріктеу кезеңдерінен өтеді. Мектепішілік, аудандық, қалалық кезеңдерде бағын сынайды. Оқушылар жыл сайын түрлі халықаралық білім бәсекелеріне қатысып, оң нәтижелерге қол жеткізуде. Былтыр ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары әлемнің жетекші оқу орындарының шәкірті атанды. Біз дәстүрлі түрде осындай дарынды оқушылармен кездесулер, баспасөз брифингін өткізіп тұрамыз, — деді Р.Джеренова.

Брифинг барысында Қанат Серікбай АҚШ-тың іргелі университеттерінде, Арсен Сыдықов Назарбаев университетінде білім алуды мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, білім басқармасының мәліметінше, қалада мектептегі білім сапасы 56,2 %-ға дейін өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 51,1 пайызды құраған.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті

Келесі жаңалық

Шымкентте 900-ге жуық жас арендалық пәтермен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі