aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте 900-ге жуық жас арендалық пәтермен қамтылады

3 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкентте 900-ге жуық жас арендалық пәтермен қамтылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арендалық баспана ретінде берілетін пәтерлерді бюджет қаржысына нарықтан дайын күйінде сатып алу тәжірибесі қолданысқа енгізіліп отыр.

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Сарғалдақов жастарға арналған арендалық тұрғын үй бағдарламасының басталуы бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Шаһарда 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасына өтінімдер қабылдау 8-10 қараша аралығында жүргізіледі.

—Аталған бағдарлама бойынша биыл жұмыс істейтін 888 жасты арендалық пәтермен қамту көзделіп отыр. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтердің 60 пайызы некеде тұрған өтініш берушілерге, 40 пайызы некеде тұрмаған жастарға беріледі. Бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы — 904, 2021 жылы — 300, 2022 жылы — 857 азамат пәтермен қамтылды,— деді басқарма басшысының орынбасары.

Бағдарламаға қатысушылар kezekte.kz электронды порталында ЭЦҚ арқылы өтініш бере алады.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, биылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арендалық баспана ретінде берілетін пәтерлерді бюджет қаржысына нарықтан дайын күйінде сатып алу тәжірибесі қолданысқа енгізіліп отыр. Мұндай шешім мемлекеттің тапсырысымен салынған тұрғын үйлердің сапасына байланысты халықтан арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты қабылданған. Қазірдің өзінде Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілетін 450 пәтер мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына берілетін 363 пәтер сатып алынып үлгерген. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатып алынады.

Мұнан бөлек, Шымкентте биыл мемлекеттік бюджет есебінен 4 306 пәтерлі 100 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 8-і арендалық баспана болса, қалған 92-сі кредиттік тұрғын үйлер. Жыл соңына дейін жалпы аумағы 136,7 мың шаршы метрді құрайтын 1 816 пәтерлі 36 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде бүгінгі таңға дейін 41,5 мың шаршы метр құрайтын 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Тағы 26 көпқабатты үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте Халықаралық білім сайыстарының жеңімпаздары алдағы жоспарларымен бөлісті

Келесі жаңалық

«Түркі әлемі бірге болуы керек»: Ердоған жаһандық сын-қатерлер жайлы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі