Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында шымкент қаласына 215 098 турист келген. Аталған көрсеткіш бойынша, Шымкент қаласының туризм саласы Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысынан кейін 4 орынд тұр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Азамат Нұрымбетов мәлімдеді.
⠀
— Шымкент — туристік маңызы зор, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі қала. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 69 спорт орталығы, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орны, 150-ден астам туристік нысан орналасқан. Шаһарға келдушілердің саны әуе рейістерінің реттілігіне де байланысты. Биылғы жылдың жағымды жаңалығы – жаңа 14 әуе рейсі ашылды. Олар — Қостанай, Павлодар,⠀Атырау,⠀Ақтөбе,⠀Ақтау,⠀Өскемен, Семей, Жезқазған және Қарағанды бағыттары. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Жидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер шығады. Қазіргі таңда Қазақстанның 10 қаласына жылына 1 млн. 440 мың адамды тасымалдауға қуаты бар теміржол бағыттары қатынаса, жалпы қалааралық автомобиль жолының ұзындығы 3 247 шақырымды құрап отыр, – деді Азамат Нұрымбетов.
⠀
Айта кетейік, 2023-2024⠀жылдары туризм саласы бойынша инвестиция көлемі 8 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосып, 203 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. ⠀
1306