aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жұмыспен қамтудың жылдық жоспары 10 айда 99 пайызға жүзеге асқан

10 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Жұмыспен қамтудың жылдық жоспары 10 айда 99 пайызға жүзеге асқан
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 1900 азамат қатысып, 447 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін 228 адам мемлекеттік грант иегері атанып отыр.

Биыл Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамту шараларына 57 181 азаматты қатыстыру жоспарланып, 1 қазанға дейін 56 379 адам қамтылған. Жылдық жоспар 99 пайыз жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды қамту жоспарланса, бүгінге дейін нақты 33 364 адам қатысып, көрсеткіш 99,6 пайызға жеткен.

— «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қамтылған азаматтардың 11 286-сы кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша іріктелген. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 1900 азамат қатысып, 447 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінге дейін 228 адам мемлекеттік грант иегері атанып отыр. Сонымен қатар, 7 856 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданып, 9 156 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 5 066 адам кәсіптік оқытуға жіберілді. Ал, 23 420 азаматты Шымкент қаласында іске асырылып отырған ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамасымен құрылған жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған, – делінген басқарманың хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, 2023 жылдың 9 айында 23 420 азаматтың 22 870-сі жаңадан құрылған жұмыс орындарына жұмысқа қабылданып, жылдық жоспар 97,7 пайызға орындалған. Мұндағы жаңадан құрылған жұмыс орындардың 22438-і тұрақты(98%), 432-сі уақытша жұмыс орны(2%).

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасына орай биыл 21-35 жас аралығындағы 261 азаматқа жеңілдетілген 2,5 пайыздық шағын несие беру жоспарланған. Бүгінге дейін 379 үміткер бизнес жобасын таныстырып, оның 209-ы комиссияның оң қорытындысына қол жеткізген. Нәтижесінде 145 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап үлгерген.

1784 символ

Алдыңғы жаңалық

Тоқаев пен Путин қандай құжаттарға қол қойды

Келесі жаңалық

Шымкент: Тақтайдай тегіс жолдардың үлесі артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі