aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Тақтайдай тегіс жолдардың үлесі артады

10 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: Тақтайдай тегіс жолдардың үлесі артады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Статистикаға сәйкес, Шымкент — автокөліктердің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осыған орай соңғы жылдары қалада жол құрылысы жоғары қарқында жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырым болса, жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 %-ға жеткізу мақсаты тұр.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биыл орталық магистраль және ішкі орам көшелеріне, жалпы 245 нысанда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 209 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жол жабындысы тозған 31,1 шақырым 15 магистральді көше орташа жөндеуден өтіп жатыр.

Шымкенттің оңтүстігіндегі қалаға кіріп-шығатын жалғыз магистраль жолдың жүктемесін азайту мақсатында Қонаев даңғылының ұзындығы 15,5 шақырым жалғасы салынуда. Сонымен қатар, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрық құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс 95% орындалған. Жолайрық құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Өтегенов көшесінің Шымсити шағынауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтитын жалғасының құрылысы да аяқталуға жақын. Қазіргі таңда құрылыс нысанындағы жұмыстың 85 пайызы орындалған.

Шымкент қаласында биыл 304 шақырым жолда құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 450 шақырым жолды таңбалау, 85 000 шаршы метр аумақта шұңқырларды жамау, тегістеу, аяқжолдарда пайда болған ақауларды жою, 296 бағдаршам нысанын, 16 500 жол белгісін күтіп ұстау, 16 орынға жаңа бағдаршам орнату, 4000 орынға жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылды.

Жаңа оқу жылының алдына қала аумағындағы мемлекеттік 150 және жекеменшік 95 мектептің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, жол белгілері толықтырылды. Пилоттық режимде №99 мектеп алдында «трапеция» үлгісіндегі жаяу жүргіншілер өткелі жасалған. Алдағы уақытта 10 орынға осындай өткел қою жоспарланып отыр.

Қалада кептелісті азайту мақсатында үлкен жол жанынан салынған 72 оң жақ өткелі бар. Биыл үш орынға, атап айтқанда, Назарбеков-Бәйтереков, Бәйдібек би-Тұран шағынауданы №3 көше, Кенжарық-Патеев көшелерінің қиылыстарына оң жақ өткел салынды.

2000 символ

Алдыңғы жаңалық

Жұмыспен қамтудың жылдық жоспары 10 айда 99 пайызға жүзеге асқан

Келесі жаңалық

Шымкент: Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі