aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Шымкент қаласында жалғасты

13 ноября, 2023
in Uncategorized
0
«Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Шымкент қаласында жалғасты
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазақстанда алғаш рет «Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы ұйымдастырылды. Түркістан облысынан бастау алған бұл іс-шара міне Шымкент қаласында жалғасын тапты. Төрт күнге жоспарланған жобаға еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болып отыр. Мақсаты — екі елдің тарихы мен мәдениетін жастарға насихаттау.

Шымкенттіктер Түркия Республикасының жастар саясаты саласындағы мамандар мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдерінен құралған делегаттарды қарсы алды.

— Өткен жылы Түркия елі дәл осы жоба аясында Қазақ жастарын қабылдаған болатын. Биыл қазақстандықтар бауырлас халқымызға еліміздің тарихи-мәдени жерін аралатып, жылы шыраймен қарсы алды. Мұнда екі ел жастары бір-бірімен араласып, пікір алмасып үлгерді. Бір қызығы Түркия елінен келген жастардың арасында қазақ тілін зерттеп, оқып, қызығушылық танытып жүргендер кездеседі. Сондықтан, бізде оларға қазақтың ұлттық нақыштарын, мәдениетін көрсетіп, таныстырудамыз, – деді Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Мансия Есекеева.

Делегаттар «Оқушылар сарайында» қонақта болып, қолөнершілердің қолынан шыққан туындыларымен танысты, талантты балалардың өнерін тамашалады. Қонақтар Шымкент қаласының қонақжайлығына жылы лебіздерін жеткізді.

—Ең үлкен арманым Қазақстанды көру болатын. Арманым міне, бүгін орындалды. Осында келу үшін қазақ тілін меңгеріп, қазақша әндерді тыңдап өзімді осы деңгейге жеткіздім. Шымкенттіктер бізді жақсы қарсы алды. Маған қымызы мен шұбаты, бауырсағы ұнады, – деді түрік қызы Елиф Кара.

Шымкент қаласы мен Түркияның Анкара және Адана қалаларымен бауырластық орнатылған. Еліміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағынауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілген. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйлеп Қазақстан мен Түргия түбі бір түркі ел екенін айтқан болатын.

– Біз – қарым-қатынасымыздың тамырын тереңге жайған елдерміз. Өйткені мәдениетіміз, дәстүріміз, рухани құндылықтарымыз қатты ұқсас. Жақында екі ел басшылары өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады,– деді қала басшысы.

Алдыңғы жаңалық

Болат Назарбаев өмірден озды

Келесі жаңалық

«Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инфрақұрылым құрылысы келесі жылы аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі