aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инфрақұрылым құрылысы келесі жылы аяқталады

13 ноября, 2023
in Uncategorized
0
«Жұлдыз» индустриалды аймағындағы инфрақұрылым құрылысы келесі жылы аяқталады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасы едәуір түрленді. Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қалыптасты.

Бүгінде «Жұлдыз» индустриалды аймағында инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында аймаққа арнайы барып, жауаптылардың қатысуымен көшпелі жиын өткізді.

Осыған дейін аталған аймаққа жобада қаралған 12,5 шақырым ауыз су құбырының 90%-ы, табиғи газ құбырларының бүгінге дейін 7,5 шақырымы тартылған. Сондай-ақ 10 шақырым кәріз жүйесі жүргізіліп, электр қуаты желісінің құрылысы 80%-ға аяқталған.

Жол құрылысы да жобаға сәйкес атқарылуда. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 13,8 шақырым автомобиль жолының 2,1 шақырымы, ішкі орам жолдардың 10,2 шақырымы жүргізілген.

Мемлекет басшысы отандық тауар өндірушілерді қолдау арқылы импортқа тәуелділікті азайту мақсатында өңір басшыларына бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Президент тапсырмасы аясында бүгінде мегаполисте индустриалды аймақ қатары артып келеді.

Аталған аймақтағы инженерлік инфрақұрылым және автомобиль жолдарының құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады. 306 гектарды алып жатқан алаңда 30-ға жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Қала әкімі жауаптыларға құрылыс сапасын назарға алып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Алдыңғы жаңалық

«Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Шымкент қаласында жалғасты

Келесі жаңалық

Шымкент: Маңызды жол құрылыстары жоспарға сай атқарылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі