aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Ажырық»: Жастар арасындағы нашақорлық мәселесін қаузады

13 ноября, 2023
in Uncategorized
0
«Ажырық»: Жастар арасындағы нашақорлық мәселесін қаузады
0
SHARES
36
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

«Ажырық шөбі табиғатта жемістің өсуін тоқтатады. Тамырына оралып, өсім бермейді. Сол секілді есірткі де адам өмірін өксітеді, ажал құштырады».

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында жазушы-драматург О.Қожамбердиевтің «Ажырық» драмасы сахналанды. Қойылымда қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлық тақырыбы көтерілген. Өскелең ұрпаққа ішімдік, темекі, есірткінің адам баласына тигізетін залалын түсіндіріп, одан аулақ болуды көрсету мақсатында сахналанған қойылымның премьерасын М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның оқушылары ерекше ықыласпен тамашалады. Қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры Самат Алтайдың айтуынша, шаһардың жасөспірімдерін толық қамту үшін қаладағы барлық білім ұйымы шақырылған. Алдағы бір айда спектакль өз көрермендерін күтеді.

–Ажырық шөбі табиғатта жемістің өсуін тоқтатады. Тамырына оралып, өсім бермейді. Сол секілді есірткі де адам өмірін өксітеді, ажал құштырады. Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады. Жастар арасындағы есірткіге әуестік білместіктен басталады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік — алғаш рет ішімдік пен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қоғамды толғандырып отыр. Ол бір адамның ғана емес, бүтін мемлекеттің қайғысы. Қойылым арқылы балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін түсінсе, біздің еңбегіміздің ақталғаны, – деді С. Алтай.

Оқушыларды айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырған қойылымда басты кейіпкер ауылдан қалаға арман қуып келіп, есірткі тасымалдаушылардың тұзағына түсіп қалады. Қойылым барысында есірткі тасымалдаушылардың жасөспірімдерді алдап-арбау арқылы уысына түсіретіндігін кейіпкерлер жоғары деңгейде жеткізе білген. Театр ұжымы кейіпкердің тағдыры немен аяқталатынын көріп, ой түюге барша көрермендерін шақырады.

Айта кетейік, «Ажырық» драмасы Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында бір ай бойы сахналанбақ. Қойылымның режиссері – Қажыбай Айтибаев. Режиссердің қойылымдары жоғары бағаланып, республикалық, халықаралық театр фестивальдерінің жеңімпазы атанған.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Маңызды жол құрылыстары жоспарға сай атқарылуда

Келесі жаңалық

Шымкент: Екі шағынауданда жаңа медициналық мекеме жұмысын бастайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі