aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Екі шағынауданда жаңа медициналық мекеме жұмысын бастайды

13 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Шымкент: Екі шағынауданда жаңа медициналық мекеме жұмысын бастайды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қалада жалпы 54 денсаулық сақтау ұйымында 4 974 дәрігер мен 10 697 медициналық қызметкер халыққа сапалы медициналық қызметтерді ұсынып отыр.

Шымкентте 2019-2022 жылдар аралығында 12 жаңа емхана пайдалануға берілген. Емханалардың қазіргі орташа жүктемесі 2019 жылмен салыстырғанда 34 мың адамнан 22 мыңға азайып отыр. Ал, ауруханаларда төсек-орынның саны 3 376-дан 4 383-ға артқан. Бұл жайында Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп жазады Шымкент келбеті басылымы.

Қалада жалпы 54 денсаулық сақтау ұйымында 4 974 дәрігер мен 10 697 медициналық қызметкер халыққа сапалы медициналық қызметтерді ұсынып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, шаһарда өлім-жітім көрсеткіші төмендеген екен.

–Биыл қалада өлім-жітім 17 пайызға, қан айналымы жүйесі аурулары 26 пайызға, қатерлі ісіктен келетін өлім-жітім 5 пайызға төмендеді. Ана өлімі өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 48,8 пайызға кеміді, – деді Н.Асылбектов.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында қалалық балалар ауруханасында төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылып, алғаш рет қалалық балалар клиникалық ауруханасында эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға нейростимулятор отасы жасалған. Тағы бір жаңалық, шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясы және 10-шы рет LVAD отасы жүзеге асты. Сонымен қатар «Онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана» болып өзгертілді.

Шаһарда медицина мамандарының біліктілігін арттыру белсенді іске асырылып жатыр. Бұған дейін 16 дәрігер Израиль елінде, 1762 медициналық қызметкер ҚР аумағында білімін жетілдірген. Осы жылдың соңына дейін тағы 30 маманды шетелде оқыту жоспарланып отыр.

Брифинг барысында спикер денсаулық саласындағы инвестициялық жобаларға да тоқталды. Жыл соңына дейін Ынтымақ -2 шағынауданында 1,2 млрд теңге сомасында «14 емдеу орталығы» емханасы іске қосылмақ. Дәл осындай атаумен Құрсай шағынауданында да емдеу мекемесі қызмет көрсетуді бастайды. Ал, бүгінге дейін Жаңаталап пен Тоғыс тұрғын алабында екі жекеменшік емхана ашылған. Аталған инвестициялық жобалар «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан жүзеге асып жатыр.

Алдыңғы жаңалық

«Ажырық»: Жастар арасындағы нашақорлық мәселесін қаузады

Келесі жаңалық

Шымкент: Әл-Фараби ауданының 99,9 пайызы газбен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі