Қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан, шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген және негізін қалаған журналист, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай жас ұрпаққа өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында Шымкент қаласындағы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесінде «Жұлдызды жорық» кітабы бойынша әдеби вернисаж ұйымдастырылды.
Өзінің 63 жылдық ғұмырында тынымсыз еңбектеніп, қыруар шығармаларын соңына қалдырған жазушы Кемел Тоқаевтың да балалар әдебиетіне ден қойып арнайы көркем еңбектер жазған. Сұрапыл жылдарда өмір сүріп, қым-қуыт қиын кезеңде еңбек еткен ұрпақ қамын ойлап, ұлттың болашағы болған балалар тақырыбына да тоқталып өткен екен. Соның ішінде «Жұлдызды жорықтар» кітабы талдап, талқылап таныстырылды. Оқушылар еліміздегі ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардың от жалынға оранған күреске толы күндері және ел мен жер үшін күрескен тұлғаға кеңінен сипаттама берді.
«Соңғы соққы» кітабынан үзінділер оқыды.»Ауыл қызы», «Жұлдызды жорықтар» әңгімелерінен үзінділер оқыды. Ақындардың жазушыға арналған арнау өлеңдерін жатқа айтып берді. Шара соңында «Өшпестей із қалдырған бұл өмірде» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға арналған шығармалары насихатталды.
Айта кетсек, шымкент жастарының кітап оқуға құлшынысын арттыру, қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын қолжетімді ету мақсатында буккроссинг бұрыштарын ұйымдастырған. Қаладағы ауруханалар мен оңалту орталықтарында ашылған болатын. Бүгін Қаратау ауданының аумағында С. Бәйтереков ескерткіші мен №130 жалпы орта мектеп маңында ұйымдастырылып отыр.
Көшедегі кітап сөресі қала тұрғындарын әдебиет оқуға ғана баулымай, адам бойындағы жауапкершілік, адалдық, тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз. Себебі, кітап сөресі еш бақылаусыз, ашық алаңда орналасқан. Кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды.Сондай-ақ, үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.
1780 символ