aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында педофил 20 жыл бас бостандығынан айырылды

14 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Түркістан облысында педофил 20 жыл бас бостандығынан айырылды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында бес жасар қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық ісі аяқталды. Педофил сотталды.
Жәбірленушінің жасы ескеріліп, сот жабық есік жағдайында өтті. Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев Zakon.kz-ке үкімнің егжей-тегжейін бөлісті.

Ер адамның бес жасар қызды жәбірлегені туралы ақпарат Қазнетте 2023 жылдың мамыр айында пайда болды. Хабарламада жарақат алған қыздың көмейі жыртылып, жансақтау бөлімінде жатқаны жазылған. Алты айдан кейін тергеу мен сот процесі аяқталды. Сот үкімі бойынша ер адам 20 жылын түрмеде өткізеді. Іс материалдарына сай, сотталушы мен жәбірленуші көрші болған.

«21 мамырда сотталушы жәбірленушінің аулада жалғыз ойнап жүргенін көріп, қылмыстық ниетпен сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасап, оған жақындап, қолынан ұстап, подъезге кіргізген. Ол үйге бірінші сыртқы есік арқылы кірген, 3-қабатта ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, шалбарын шешіп, кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған», — деді Әсет Серікбаев.

Педофил өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Сотталушы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.

«30 қазандағы сот үкімімен сотталушы «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы күш қолдану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Cонымен қатар ол өмір бойына педагогика қызметімен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылды», – деп атап өтті Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы.
Әсет Серікбаев сот үкімі әлі заңды күшіне енбегенін түсіндірді.

2023 жылдың 19 қазанында Түркістан облысында педофилдің қолынан бірнеше баланың зардап шеккені белгілі болды. Облыстық полиция департаменті «33 жастағы ауылдасының кәмелетке толмаған қыздарына қатысты заңсыз әрекет жасағаны туралы екі жергілікті тұрғынның арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын» хабарлады. Отырар ауданының тұрғыны полиция қызметкерлерімен ұсталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 4-бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, «ер адам кінәсін мойындаған». Бұл іс бойынша жаңа мәліметтерді адвокаттар Айман Умарова мен Ләззат Рақышева ашты.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте кәсіпкерлерге күш қолданып, бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Келесі жаңалық

Досымжан Таңатаров: "Балабақшада тәрбиеші болдым"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі