aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Досымжан Таңатаров: «Балабақшада тәрбиеші болдым»

14 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Досымжан Таңатаров: «Балабақшада тәрбиеші болдым»
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Белгілі әнші Досымжан Таңатаров өмірі мен өнеріндегі соңғы жаңалықтарын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл әншінің сахнада жүргеніне 30 жылға жуықтаған.

“Біздің буын еңбекке ерте араласты. Студенттік кезіміз Тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келді. Өте қиын заман еді. Ауылда ата-анаңа салмақ салып отырмаймын деген ниетпен жұмыс іздеуге шықтым. Менің өнеріме тәнті болып жүрген апайларым балабақшадағы балаларға домбыра туралы мағлұмат беріп, қағыстарын үйретсең деген ой айтты.4-5 жастағы балаларға домбыра үйретіп, балабақшаға тәрбиеші болып орналастым. Одан кейін мектепке ауыстым. Ол жерде сәл үлкендеу балаларға домбыра үйреттім. Алғашқы еңбек жолым 3-курста басталды. Содан бері жұмыс істеп келеміз”, – деп жастық шағын еске алды әнші.

Әншінің айтуынша, кезінде домбыра үйреткен шәкірттері қазір өнерде жүрген көрінеді.

“Сахнада иық тіресіп жүрген шәкірттерім бар. Солардың бірі – “Жігер” тобы. Үшеуі де менің алғашқы шәкірттерімнің бірі. Шәкірт демекші, менің екінші жұмысым видеограф болып, той түсіргенмін. Ол кезде маған видео түсіруді үйреткен марқұм Серік Қалиев ағамыз болатын. Мен сол кісінің видео түсіруден шәкірті болдым. Ағамыздың камерасын жалға алып, талай тойларды түсірдім. 1000 теңгеге ән айтамын, 3000 теңгеге видео түсіремін, жартысын Серік ағама беретін едім. Ол кісінің менен басқа да көп адамға пайдасы тиді”, – дейді әнші.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында педофил 20 жыл бас бостандығынан айырылды

Келесі жаңалық

Медиа саласының өкілдері еліміздің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарына шақырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі "Мира-Медиа" ЖК
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі