aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Жанар Әлібекқызы, Аманат партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: Отанды Отан ететін — халық

16 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Жанар Әлібекқызы, Аманат партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: Отанды Отан ететін — халық
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан тәуелсіздік алып, еңсесін тіктеп, бір тұтас ел болып өсіп-өркендеп келеді. Елдігіміздің рухы биіктеп, өзге елдер санасатын ел болғанымызды мақтан тұтамыз. Ал соның бәрі, әрине халқымыздың арқасы, оның саны артқанына, яғни 20 миллионға жетейін деп жатырмыз деп қуануымыздың жөні де сол. Ұлттық статистика бюросы да халық санының артып жатқанын мәлім етті. Тіл-көзіміз тасқа!
Нақтырақ айтар болсақ, 2009 жыл мен 2021 жылды салыстырсақ, қала тұрғындары үлесі 56,1 пайыздан 61,2 пайызға жеткен. Бұдан шығатын қорытынды 12-13 жылдың ішінде қалалықтар 5 пайызға артқан. Осы жылдары Шымкенттің де тұрғындары миллионнан асты. Аса берсін деп, тілейік!
Жалпы, баланы туу барда, оны асырау бар. Осы тұрғыдан алғанда демографиялық өсімнің тұрақты болуы үшін тәрбиенің маңызы зор. Мұндағы тәрбиені мемлекеттік идеология деп түсінгеніміз дұрыс. Ана мен әке болудың қандай қасиетті де қастерлі ұғым екенін түсіндіріп, соған сай жауапкершілікті сезіндіретін идеология қалыптастыру бүгінгі күннің ең басты мәселесі.
Халқымыздың салт-дәстүрі мен отбасының ұлттық құндылықтарын әрқашан жастардың санасына құю аға буынның мақсатына айналу парыз. Ұлттың ұлылығын әйгілеп, санамызды сілкіндіретін ғажап ғұрыптарымызды ұрпақ жадында қайта жаңғыртсақ одан өткен игілікті іс болмас, сірә!
Отанды Отан ететін – халық. Ал кең байтақ Қазақстан – барша қазақтың жалғыз отаны.
Біз, яғни қазақ санымыз өскенде, көбейгенде ғана ғана мықтымыз. Санымыз қанша көп болса, Тәуелсіздігіміз сонша баянды болары сөссіз. Сондықтан, жылда қазақ саны артып, көбейіп жатыр деген қуанышты хабарды ести берейік!

Алдыңғы жаңалық

Жандосова Баян Айтбекқызы, Әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі: Ең маңызды капитал - адам капиталы

Келесі жаңалық

Ішкі істер министрлігі экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі