aggregator.kz
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Шытырман
  • Қызыл бұрыш
  • Дүмпу
  • Меһнат
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
No Result
View All Result
aggregator.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Ішкі істер министрлігі экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді

16 ноября, 2023
in Uncategorized
0
Ішкі істер министрлігі экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер министрдің орынбасарынан экс-шенеунік Бишімбаев ісінде неге тергеушілер қайта-қайта ауысып жатқанын сұрады.

Өз кезегінде Марат Қожаев тергеу амалдары барысында іс деректері әзірге жариялауға жатпайтынын айтты.

«Бірінші күні оқиға орнына кезекші тергеу тобы жіберіледі. Ертеңінде тергеу ісі басқа маманға тапсырылуы мүмкін. Сондықтан осындай мәлімет тарап жатқан шығар. Атап айтқанда, іс арнайы бір адамға тапсырылады. Оның жанында тағы тергеушілер болады. Қылмыстық істі жалғыз бір адам тергемейді, топ болып тергеуі мүмкін», — деді министрдің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, осы іс бойынша сот-медициналық сараптамасы әдетте бір ай жүргізіледі.

Сонымен қатар тілшілер Бишімбаевтың қылмысын жасырған туысына қатысты қандай шара қолданылатынын сұрады.

«Бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде кім қандай жауапқа тартылатыны анықталады. Заң талабы бойынша басқа мәліметті айта алмаймын», — деді Марат Қожаев.

Айта кетейік, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында 20:30 шамасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жыққан. Әйел жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде әйелдің қаза табу фактісі бойынша елорда полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмысын бастады.

Алдыңғы жаңалық

Жанар Әлібекқызы, Аманат партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты: Отанды Отан ететін - халық

Келесі жаңалық

Алматыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан екі студент ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

"AGGREAGATOR.KZ" ақпараттық агенттігі
050030,Алматы қаласы
Меншік иесі:
Куәлік нөмірі: № KZ17VPY00070921 aggregatorkz1@gmail.com

Пайдаланушылық келісім
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қызыл бұрыш
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Қыдыр кезген Қазақстан
  • Меһнат
  • Өңірдегі өзгеріс
  • Ғажайып
  • Таңғалдырған тағдырлар
  • Мен кіммін?
  • Белестер бейнесі
  • Шұғыл оқиға
  • Ұлт пен дәстүр
  • Ұстын
  • Жебе
  • Көзқарас

Aggregator.kz ақпарат агенттігі