Шымкентте соңғы бір аптада қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді. Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны соңғы жеті күнде 37,3%-ға төмендеген. Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясына қызылшаға күдікті қоңыраулардың түсуі 125-тен 94 қоңырауға дейін (24,8%-ға) азайды.
Қызылша бойынша іс-шараларға қатысқан 1 144 медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде маман қосымша жаппай иммундау бойынша оқытылды.
Халықты қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін 8 729 аула аралау, 6 209 ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде, ата-аналар иммунопрофилактика мәселелері бойынша емханаларға жиі жүгіне бастап, балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80%-ға ұлғайған.
–Қызылша-вирустық жұқпалы аурулардың бірі және ауа тамшылары арқылы өте тез таралады. Сондықтан екпе алмаған адамдар аурумен байланыста болса міндетті түрде инфекция жұғады. Ауруда ортаңғы құлақтың қабынуы, соқырлық, бронхопневмония, жатыр мойны лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит асқынулары жиі кездеседі. Біз вакцина толық алмайынша, инфекцианың таралуы тоқтамайды. Шымкентте өткен жылы қызылша тіркелмеген еді, ал биыл наурыз айынан бастап қызылша жұқтырған 2749 жағдай анықталды. Науқастардың 87%-і балалар, — дейді Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная.
Қызылшаның емі жоқ деген мамандар, алдын-алудың жалғыз жолы – вакцинация екенін айтты. Бүгінге дейін ауырған балалардың 85,5 пайызы, яғни 2 мыңнан астамы түрлі себеппен вакцина алмаған.
– Біздің қалада дәрігерлер мен станционарлар вируспен күресуге дайын. Бірақ, қызылшаны екпе арқылы алдын алуға болады. Ал оның арнайы емі жоқ. Дәрігерлер Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасы бойынша сиптомдық ем-дом шараларын қабылдайды. Әрине, ауруханаларда орын тапшылығы да байқалып отыр, қазір қосымша шаралар қабылдауды қарастырып жатырмыз, дейді маман.
Санитар маман сондай-ақ,74 мектепте 156 оқушы, ал балабақшадағы 517 бала қызылшамен ауырып жатқанын айтты. Екі мектептің бір сыныбында екі жағдайдан тіркелгенін, қандай жағдайда білім ошағы карантинге жабылатынын жеткізді. Қызылшамен ауырған 900-і баланың екпе алмауына ата-анасының діни көзқарасы себеп болған. Арнайы жиынға қатысқан конфессия өкілдері, дінде екпеге рұқсат екенін, одан бас тарту – қоғамға қауіпті деп санайтынын айтты.
2000 символ